Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында ауданға қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі орналасқан темір өнімдерін дәнекерлеп, өз өнімін ұсынатын дәнекерлеу цехының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда өндіріс орны тәулігіне 50 дана өнім шығарады.
Ауданда қарқынды түрде іске асырылып жатқан ауқымды бағдарлама – «Ауыл аманаты» жобасы. Жоба аясында кәсіпкер 8 адам жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер аталған жоба аясында 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Өнімдерді Түркістан облысы және Шымкент қалаларына саудалап жатыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан мәжіліс деепутаты бүгінде іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөлу екенін жеткізді.Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, қойылған сұрақтарына толық жауап берді.
Келесі кезекте, депутат Жылға ауылдық округіне қарасты Жылға елді мекенін ауыз сумен, Жылға, Нұрауыл, Ферма №3 елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Кездесу барысында аудандық тқрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы құрылыс жұмыстарының жобасын таныстырып, мердігер мекеме өкілдері депутат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аузы су құрылысының жобасы бойынша 104,795 шақырым су құбырын жүргізу қарастырылған, осы тұста 6000-ға жуық халықты қамтамасыз ету жоспарланған.
Құрылыс нысанында 700 метр су ұңғымасы қазылып, 1-ші және 2-ші көтеру сорғы станциясы ғимаратының құрылыс жұмыстары және сыртқы қоршау жұмыстары жүргізілген.
Табиғи ғаздың құрылысының жобасы бойынша 64,251 шақырым табиғи газ желісін жүргізу қарастырылған, 8000- ға жуық тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты әр Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекеніне арнайы барып, мептеп ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс аумағының жалпы алаңы 0,5 гектарды құрайды. Қазіргі таңда, кәсіпкер Оспанкулов Марат Нуржанович өз қаржысы есебінен 200 орындық […]
Бүгінде Түркістан облысы ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Соның бір айғағы – Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде қолға алынған жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы. Аудан әкімі […]
Пікір қалдыру