Кез-келген қаланың тазалық көрсеткiшi сол қала тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi. Бүшінде қала тұрғындарының жақсы тұрмысы үшін аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытовтың бастамасымен игі істер атқарылып, көшелер кеңейтілуде, жарықтандырылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, барды қадірлей білетін, туған еліне құрметпен қарап, ел-жұртын жақсы көретін белсенді азаматтарды Жетісай қаласын көркейтуге, абаттандыруға, еліміздегі ең таза аймақтардың бірі болуына белсене атсалысуға жұмылдыруда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына тұрғындардың белсене қатысуы – сөзіміздің айғағы.
«Тазалық өзімізден басталады» ұранымен өткен сенбілік жұмыстарына қатысқан 700-ден астам азаматтың 200-і мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлер болса, қалғаны аудандық мәслихат пен «Amanat» партиясы Жетісай ауданық филиалының қызметкерлері, қала тұрғындары мен белсенді жастар.
«Тазалық – саулық негізі. Туған жердің тұмса табиғатын көздің қарашығындай сақтап, экологиялық тазалыққа атсалысу әр азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан, бүгінгі сенбілікте әкімдік басышыларынан бастап, жастар ұйымдары мен еріктілер, тұрғындар, депутаттар мен партия қызметкерлері бірауыздан қолдау танытып, атсалысты. Тазалықты өзімізден бастап, өз үйіміздің ауласын артық күл-қоқыстан тазартып отырсақ өсіріп отырған ұл-қыздарымызға қоршаған ортаны таза ұстауға, туып өскен жерінің қадір-қасиетін арттыруға деген жоғары мәдениеттілік пен тәрбиемізді көрсете аламыз» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
Айта кетейік, аталмыш сенбілік барысында қаладағы 136 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көшенің бойы, арық-арық атыздар мен гүлзарлар қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс. […]
Негізгі табысын диханшылықпен тауып отырған жетісайлық ағайын үшін егілген әр тұқымның өнімділігі, алынған өнімнің нарықтағы бағасы мен сұранысы – отбасы тіршілігі мен болашақ жоспарының өзегі. Өйткені бұл өңірдің халқы үшін той-томалақтан бастап, оқу, емделу, құрылыс […]
Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округінде «Баспанаға жол» акциясы аясында 12 отбасылық 6 баспананың іргетасы қалануда деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді бірер айда 12 көпбалалы […]
Пікір қалдыру