Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды.
Премьер-Министр қаланың өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. «Химфарм» фармацевтикалық зауытының аумағында Үкімет басшысына өндірістік қуаттар жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктер, 250 млн ампула инъекциялық ерітінділер және басқасын шығаруға мүмкіндік беретіні баяндалды. Фармацевтикалық кәсіпорын 89 аталым бойынша дәрілік заттарды жеткізеді. Қаланың фармацевтика саласында кәсіпорынның үлесі 99,2%-ды, республика бойынша – 43%-ды құрайды. Кәсіпорында 897 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер Еуропа елдерінде үнемі бейіндік оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Үкімет басшысы фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін одан әрі арттырудың маңызын атап өтті.
Созақ ауданы – ауыл шаруашылығына бейім, төрт түлікті өсіруге қолайлы аймақтардың бірі. Аудан тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Осы ретте, мал азығы – шаруалардың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Мал басының артуы азықтық дақылдарға деген сұранысты […]
Шымкент қаласы Полиция департаментінде жеке құрам қызметкерлері үшін ерекше форматтағы іс-шара өтті. Мақсат – ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту, қызметкерлердің ішкі мотивациясын дамыту және командалық рухты нығайту. Осы мақсатта «Мүмкіндіктер дөңгелегі» деп аталатын тренинг-ойын ұйымдастырылды. Бұл […]
Шымкент қаласында орналасқан JOO High School мектебінде бүгін оқушыларға арналған маңызды профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шара «Бақытты отбасы – бақытты ел» және «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциялары аясында өтті. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық […]
Пікір қалдыру