
Созақ ауданы – ауыл шаруашылығына бейім, төрт түлікті өсіруге қолайлы аймақтардың бірі. Аудан тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Осы ретте, мал азығы – шаруалардың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Мал басының артуы азықтық дақылдарға деген сұранысты да көбейтуде. Бүгінгі таңда Шолаққорған ауылындағы дүкендерде мал азықтық дақылдардың бағасы мен жеткізілуі тұрақты түрде бақылауда ұсталып отыр.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына мал азығын жеткізу мәселесі жүйелі түрде шешімін табуда. Атап айтқанда, Ақмола облысының Ерейментау ауданынан Созақ ауданына жоғары сапалы бидай өнімдері тасымалданып жатыр. «Қайсар» дүкенінде 1 келісі 115 теңгеден сатылып жатқан бидайдың 10 тоннасы қоймада бар. Сонымен қатар, 2025 жылдың 20 қазанында қосымша 40 тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде. Жаңа партиядағы бидайдың бағасы – бір қап (50 кг) үшін 5750 теңге болып белгіленген. Бұл – азықтық дақылдардың бағасы мен қорын тұрақты ұстап тұруға бағытталған нақты шаралардың бір көрінісі.
Аудан орталығындағы өзге дүкендер де мал азығының әр түрін ұсынысқа шығарып отыр. Мысалы, «Қалдыбай ата» дүкенінде:
-
Кебек 25 кг – 2800 теңге, 20 кг – 2250 теңге (жалпы 6 тонна қор),
-
Ұн ІІІ сорт – 35 кг – 4600 теңге (5 тонна),
-
Ұн ІІ сорт – 45 кг – 6000 теңге (3 тонна),
-
Бидай – 50 кг – 5900 теңге (4 тонна, келісі – 118 теңге),
-
Арпа – 50 кг – 6000 теңге (3 тонна, келісі – 120 теңге) көлемінде бар.
«ARZAN» дүкенінде де кең ауқымды азықтық өнімдер ұсынылған:
-
Кебек – 20 кг – 2400 теңге (10 тонна),
-
Ұн ІІІ сорт – 30 кг – 3800 теңге (5 тонна),
-
Бидай (северный) – 40 кг – 5100 теңге (5 тонна),
-
Бидай (местный) – 40 кг – 5200 теңге (5 тонна),
-
Цесна гранулла – 48 кг – 6500 теңге (3,5 тонна),
-
Жүгері – 50 кг – 7000 теңге (2 тонна, келісі – 140 теңге).
Ал «Ақниет» дүкенінде:
-
Кебек 25 кг – 2800 теңге, 20 кг – 2250 теңге (жалпы 10 тонна),
-
Ұн ІІІ сорт – 35 кг – 4600 теңге (6 тонна),
-
Ұн ІІ сорт – 45 кг – 6000 теңге (3 тонна),
-
Бидай – 50 кг – 5900 теңге (5 тонна, келісі – 118 теңге),
-
Арпа – 50 кг – 6000 теңге (3 тонна),
-
Цесна гранулла – 48 кг – 6500 теңге (2,5 тонна) көлемінде өнімдер ұсынылуда.
Бұл көрсеткіштер азықтық дақылдардың жеткілікті көлемде екендігін білдіреді. Әр дүкен өзіндегі қорды есепке ала отырып, бағаны тұрақтандыруда. Сонымен қатар, азық бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін жергілікті билік пен кәсіпкерлер арасында өзара келісімдер жасалып, үнемі мониторинг жүргізілуде.
Созақ ауданында ауыл шаруашылығы – негізгі табыс көзі. Төрт түлік саны жылдан жылға артып келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ауданда 300 мыңнан астам қой-ешкі, 40 мыңнан астам ірі қара, 20 мыңнан астам жылқы және түйе бар. Мұндай көлемдегі мал басын азықпен қамтамасыз ету – жауапты міндет. Сондықтан жергілікті әкімдік, ауыл шаруашылығы бөлімдері мен кәсіпкерлер бірлесіп, мал азығына қатысты мәселені басты назарда ұстап отыр.
Мал азығының уақытылы жеткізілуі мен қолжетімді бағамен сатылуы – тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер ететін фактор. Осы орайда, дүкен иелерімен тұрақты байланыс орнатылып, ай сайынғы есептер арқылы азықтық өнімдердің бағасы мен қорына бақылау жүргізіледі.
Созақ ауданының шаруаларына мал азығын жеткізу және бағаны тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асуда. Аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің бірлескен әрекеті арқасында мал азықтық дақылдардың тапшылығы сезілмей, шаруалар жұмысына сенімділікпен кірісуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, ауыл тұрғындарының қажеттіліктері толық қамтылатынына сенім мол.
Пікір қалдыру