«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымдары белсенділік танытты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп өз қатысуымен экологиялық акцияға бастау берген болатын.
Сондай ақ, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Мұрат Жаңабайұлы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына атсалысқан барша қатысушыларға алғысын білдіріп, партия осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндеті екенін атап өтіп, және барша тұрғындарды игі істі қолдауға шақырды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстармен қатар кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шаралары […]
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы су тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру туралы тапсырма берді. Негізгі […]
В Шымкенте экологическая инициатива «Таза Казахстан», ставшая неотъемлемой частью культурного кода города, продолжает набирать популярность и привлекает все больше жителей города. Этот экологический проект стал мощным стимулом для активных действий местных жителей в вопросах охраны […]
Пікір қалдыру