Мемлекет басшысы биылғы жолдауында еліміз цифрландыру саласындағы қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі тиістігін баса айтқан болатын. Осыған орай Түркістан облысында бірқатар қарқынды жұмыстар жалғасуда. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының ІТ компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Басқосуда облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков компания өкілдерімен технологиялық парк ашу туралы келісім-шартқа қол қойды.
Бұл келіссөздер нәтижесінде құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін стратегиялық маңызды жобалардың біріне айналмақ. Жоба шеңберінде электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника және электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделіп отыр. Осы арқылы ІТ саласында Түркістанның өз бренді қалыптаспақ.
Сонымен қатар технологиялық парктің құрамында осы өнімдерге қызмет көрсету орталықтары мен кадрларды оқыту және дамыту орталықтары да жұмыс істемек. Бұл инновациялық орталық аймақтағы жоғары технологиялар саласын дамытуға ықпал етіп, жергілікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Технологиялық парк тек өндірістік қуаттылықты арттырумен шектелмей, аймақты жаңа технологиялық инновациялардың орталығына айналдыруға, шетелдік инвестицияларды тартуға және өңірдегі экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға септігін тигізеді. Жоба жүзеге асқан жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты экономикалық мүмкіндік туындайды.
Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен […]
VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті түркістандықтар құрмет-қошеметпен күтіп алды. Түркістан темір жол вокзалына жүлдегерді қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов қатысып, спортшыны жеңісімен құттықтады. […]
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) аймақтармен байланыс жөніндегі өкілі Марат Такенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл ҚФФ өкілдерінің өңірге алғашқы ресми сапары емес, алайда бұл жолғы кездесулер мен талқылаулар – ерекше маңызға ие. Сапар аясында […]
Пікір қалдыру