ҚАЛАМЫЗДА ЖАСЫЛ-ЖЕЛЕК ЖАЙҚАЛУЫ ТИІС

Қаламыздың шырыайын кіргізіп, көркіне көрік қосып тұрған жасыл желек, бір жағынан әдемілікті әсерелеп тұрса, екінші жағынан ауаның тазаруына сеп болады.

Мұндай жұмысбір Шымкентте  ғана емес, ауыл-ай­мақта да қолға алынған. Кейінгі үш жыл ішінде 9 мың гектар алқапқа 50 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Қолдың саласындай ақ қайыңдар мен мәңгі жасыл қарағайлы орманға бай Көкше өңірі жанашыр жандардың іс-қимылдары арқасында бұрынғыдан да құлпыра түсті.

«Таза Қазақстан» респуб­ли­калық экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараның маңызы өте зор. Табиғатқа жанашыр адамдардың іс-қимылы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Әрі бұл іс-шара болашақтың қамын жеген ізгі ниеттен туындап отыр. Акцияға қатышушылар «Ағаш отырғызу – бұл жай ғана көгалдандыру емес, біздің болашаққа қосқан үлесіміз. Келер ұрпаққа қолайлы жағдай жасаймыз. Өлкемізді көркейте түсеміз», деді.

Іс-шараға ландшафт дизай­нері, орман патологі тәрізді бі­лікті мамандар қатысты. Олар көшеттерді дұрыс таңдауға, отыр­­ғызуға жәрдемдесіп, ақыл-кеңестерін айтты. Қала сәулетіне көрік қосарлық, тұрғындарға зияны тимейтін қандай ағаштар отырғызған жөн? Мамандардың айтуына қарағанда, қала ор­та­сындағы техниканың көп жү­ретін жеріне қарағаш, шырша тұ­қымдас ағаштар егуге болмайды. Керісінше, оларды қала тұрғындары демалатын парктер мен скверлерде еккен дұрыс. Ал адам аяғы жиі, қапылысқан көп техника жүретін жерге қайың мен алма ағаштарын еккен ұтымды. Мұндай ағаштар шаң-тозаңға шыдамды келеді әрі терекке қа­рағанда жапырағы қалың, көркі де көз тартарлық. Қарағайға қа­рағанда әлдеқайда төзімді.

Кейінгі жылдары Шымкентте құрылыс қарқынды жүріп, бірнеше шағын аудан бой көтерді. Жаңа ауданда жаяу жүргінші жүретін жол бойына үйеңкі, үлкен жапырақты қарағаш ексе, әлдеқайда көрікті болмақ. Тірі қоршау тәрізді бұта тектес өсімдіктер шаң ұстауға, дыбысты бәсеңдетуге қабілетті. Осының барлығы жаңа шағын аудандардың жобасына енгізілуі керек. Ескі ағаштарды кесуге кейде қала тұрғындары қарсы шығып жатады. Ел пікірін ескерген экология басқармасы, табиғат қорғау прокуратурасы бұған тыйым салған. Қолбайлау болып отырған бір жайт – осы. Кейбір жекеменшік кәсіпорындар 20-30 көшет егетін оң мысалдар кезігеді. Бірақ бұл талпыныс тұтас қаланың тынысын тарылтып тұрған бүгінгі жайды жақсарта алмайды. Ең бастысы, жаңа шағын аудандардың жобалау-сметалық құжатын да­йындаған кезде жасыл желекпен көмкеру тәртібін де тыңғылықты ескерген дұрыс. Шіріген әйтпесе қисайған ағаштың барлығы тазартылуы керек. Мердігер мекеме ағаш еккен кезде көшеттің кемінде екі жыл бойы суарылып, күтілуі де міндеттелгені жөн. Көшетпен қала көгеретіндігі даусыз. Алдағы уақытта мамандар айтқан оң пікір табиғат жанашырларының қаперінде жүрсе жарасымды болмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*