ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді.
Бүгінгі таңда өңірімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен меритоктария қағидасына аса үлкен мән беріліп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40 жас, еңбек өтілі 11 жылды құрап отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастардың үлесі айтарлықтай күн сайын артып келеді.
Сондай-ақ, жиында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жастарға беретін мүмкіндігі мен «Өңірлік кадрлық саясат» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қалалық әкімдіктегі тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мен жаңашылдықтар туралы айтылды.
Елдің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетінің жоғары болуы өте маңызды.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуға тиіс. Себебі мемлекеттік қызметшілер — билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан олар халықтың сенімін ақтап, Отанға адал қызмет етулері керек.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметшілердің білім-біліктілігімен қатар, жеке қасиеттеріне де жіті көңіл бөлінуде. Бұл — уақыттың көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың барынша күшейтіліп келе жатқандығын көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет сапасының артуына зор серпін береді.
Жуырда өз мәлімдемесінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару саласы кешенді реформалауды қажет ететінін, бүгінгі күні халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі төмен екендігін ашық айтқан-ды.
WTM London 2024 халықаралық көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов Түркістан облысының павильонына келді. Шара барысында Елші аймақтың осындай беделді көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бұл Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік екенін […]
Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқа […]
Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды. Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 […]
Пікір қалдыру