Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Аталмыш Жолдауда Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып өтті.
«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты» — деді өз сөзінде.
Барша халықты бірлікке бастайтын ауқымы кең жобаның сезекті сенбісі Дүниежүзілік тазалық күнімен дәлме дәл келді. Осыған орай бүгін қаламызда белгіленген бірнеше орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соның бірі Тұран ауданына қарасты Құрсай шағын ауданында ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А 2 айналма жолының бойын тазалап, аумақты ретке келтірді. А 2 айналма жолы Өзбекстан Республикасы мен қазақстанның бірнеше қалаларына тоқтаусыз көліктер қатынайтын жол. Бүгінде Қазығұрт, Құрсай шағын ауданы тұрғындары да сол жолмен қатынайды. Сондықтан да жолдың бойы таза болып, абаттандырылып тұрғаны қала көркіне шырай кіргізіп тұрады.
Аталмыш тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері Шымкенттің әр бұрышының шырайы кіріп, сынғаны жөнделіп, құлағаны орын тауып ажарлана түсуде. Қала әкімінің нақты тапсырмасымен, аудан басшыларының іскерлігінің арқасында бірігіп жасалынған жұмыс нәтижесін берері сөзсіз. Ардагерлер алқасы да Тұран ауданынның жастары мен тұрғындарының белсенділігіне дән риза. Алдағы уақытта да тазалық шарасынан қалмауға шақырды.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Текесу» мен «Ақжар» су қоймалары және канал жағалауларында орналасқан тұрғын алаптарының тұрғындарын және қала қонақтарын, балалар лагерлерінің, демалу орындарының жұмыскерлерін, мекемелердің жетекшілерін шомылу мерзімі қарсаңында өздеріне […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өнімдерін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқан ірі агроөнеркәсіптік кешен мен құс фабрикасының жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығы бағытындағы нысандарды аралау барысында қала әкімі Мемлекет басшысының «Егістіктен […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары барысында өткен «дөңгелек үстел» отырысында АҚШ-тың жетекші бизнес өкілдерімен мазмұнды пікір алмасу өтті. Кездесу аясында Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына […]
Пікір қалдыру