Кентаулық Әділет Ұлы жеңістің 72 жылдығы мерекесін ардагерді арқалап жүріп тойлады

Ұлы Жеңіс мерекесі Кентауда жоғары деңгейде аталып өтті. Салтанатты іс-шара, марапаттаулар, құттықтаулар, дала асханасы және жеңіс жолында қаза болған ардагерлердің құрметіне арналған митингі көпшілікке үлкен әсер берді. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ардагерлерге Үкімет басшысының, облыс әкімінің, қала әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев жылы лебізін білдіріп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Қаланың өнерпаз жастары әсем әндер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ардагерлерде дән риза.

Ал, Әділбек Қайырбеков жастар орталығының инспекторы. Ұйымдастыру жұмыстарының басында оған ардагерлерді алып жүру ісі тапсырылыпты. Жасы 90-ды шамалаған ардагерлер сүйеніші болмаса өздігінен еркін қозғала алмайды. Мұны бірден ұққан Әділбек ардагер атасын иығына салып, арқалап алды және де мереке біткенше арқалап алып жүрді. Ардагердің «балам бұның қалай болар екен» дегеніне, «»Ата сіздей бейбіт өмір сыйлаған ардергерді арқалаудан арланбаймын. Қайта мақтан етемін» деп жауап қатты. Азаматтық. Жастарға үлгі боларлық өнегелі іс.

Ал шоколад ше? Митинг біткен тұста жеті жас шамасындағы бала келіп ардагер атаның біріне кішкентай «Қазақстан» шоколадын сыйлады. Кіші болса да, маңызы жоғары үлкен сыйлық. Олар бір -бірін танымайды екен. Мұны біз ардагерден сұрап білдік. Жас бала бұл сыйлықты ешкімнің айтуынсыз өзі сатып алыпты. «Қазақстан біздің Отанымыз, ондағы бейбіт өмірді ардагерлер сыйлады. Сондықтан мен осы шоколадты алдым. Ата бізге бейбіт күн сыйлаған сізге рахмет» деді жеткіншек. Әсерлі.

Ия, жеңіс сыйлаған сіздерге рахмет, құрметті ардагерлер.

авторы: Қайрат Зайнишев

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*