Былтыр ОҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 532 миллион доллардан асқан

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ташкент қаласы тауарөндірушілерінің көрмесіне қатысып, ондағы өнімдерімен танысты. Сонымен қатар, өзбекстандық кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Жалпы, қазіргі таңда екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жандануы байқалуда. Яғни, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрап, оның 30%-дан астамы Оңтүстік Қазақстан облысына (532,4 млн.АҚШ долл.) тиесілі болып отыр. Алайда, қос мемлекеттің Президенттерінің – Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиеевтің өзара кездесулері, яғни, өзбек басшысының Елбасымен 22-23 наурызда Қазақстанда кездесуі, 29 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстанда жүздесуінің нәтижесінде сауда айналым көлемін 5 млрд. АҚШ долларына жеткізу туралы уағдаластығын ескерсек, бұл біздер үшін аз сома деп білемін. Сондықтан, бауырлас елдер болашақта бұл салалардағы байланысын одан әрі нығайтып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі күшейтеді деп білемін», — деді әкім. 

Бүгінде Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған экспорттың басым бөлігі мұнай және оның өнімдері мен ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері, астық, қара және түсті металл, цемент, трансформаторлар, органикалық емес химия және азық-түлік өнімдері болып табылады. Ал Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, мақта талшығы, тоқыма және дайын тігін өнімдері, тыңайтқыштар, механикалық құрылғылар, пластмасса бұйымдары, ағаш және гипс, маталы емес материалдар мен маталар импортталуда.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*