ОҚО-ға импортталатын кей өнімдер өңірдің өзінде шығып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысына шетелдерден импортталатын кейбір өнімдер өңірде шығарыла бастады. Атап айтқанда, мотор қозғалтқыш және трансмиссиондық майлар, керамограниттік плиталар, жылтыр МДФ тақтайлар, ПВХ профильдер, су насостары мен дискілік бұрылыс бекітпелер, кілемдер мен кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптер, шұлық бұйымдары сияқты өнімдер. Бұ жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында берген брифингінде мәлімдеді.Ал, целлюлоза, цемент, мотор майлары, трансформаторлар, алюминді және ПВХ профильдерін, ет, май, кілем, мата, дәрі-дәрмек бұйымдарын экспорттау қолға алынды. Сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұнай өңдеу өнімділігі жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізіліп, жоғары октанды бензиндердің үлесі 100%-ды құрайтын болады.

Облысымыз республикада мақта өсіретін жалғыз өңір болып табылады. Осы саланы дамыту және өңдеу мақсатында республикада бірінші болып ашылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта бүгінгі таңда 10 жоба іске асырылып, 1 056 жұмыс орны ашылды.

Аймақта өңірімізде алғаш рет замануи технологияларды қолдана отырып ашылған 2 кілем фабрикасы жұмыс істеп тұр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*