Теріскейде 51 түлек «Алтын белгіден» үмітті

Бүгін Созақ аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. 2016-2017 оқу жылында аудандағы 35 білім беру ошақтарында 13469 оқушы білім алғанын айта кеткен жөн. Ал, соның ішінде мектеп бітірушілердің саны 683-ті құрап отыр.Осыған орай, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев, Т. Әлімқұлов атындағы лицей интернатты мектебіне барып, оқу ордасының түлектері мен оқушыларын оқу жылын табысты аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Р. Жақсыбергенов, ата- аналар, мектеп табалдырығынан кеше ғана аттаған 1-сынып оқушылары, мектеп бітіруші түлектерге сәтті сапар тіледі.Бүгінгі таңда  Т. Әлімқұлов атындағы лицей интернатты мектебін 2015-2016 оқу жылында 49 шәкірт түлеп ұшқалы тұр. Биылғы теріскелік түлектердің талабы да жаман емес. Нақтырақ айтқанда, Созақ ауданы бойынша мектеп бітірушілердің ішінде 51 оқушы «Алтын белгіден» үмітті. Мұнан өзге тағы  20 оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестатпен бітіргелі отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*