ОҚО-да «Бауырластық – балғын шақтан басталады!» қайырымдылық шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бауырластық – балғын шақтан басталады!» тақырыбында қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын.


Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы «Сарвар» тойханасында өткен мерекелік жиында Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына, барлығы 400-ден астам адамға мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар таратылады.

Жиынды сөз алған облыстық Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мұндай қайырымдылық шаралары адамдарды ұлтына, дініне қарамай жақындастыра түсетінін айтып өтті. Сонымен қатар, игі шараның өтуіне демеушілік танытып отырған жергілікті кәсіпкерлер мен Бүкілдүниежүзілік мұсылмандар қорының Қазақстандағы филиалының өкілдері еліміздегі бейбітшіліктің, татулық пен келісімнің қадірін түсіну қажеттігін айтып кетті.Мерекелік шара барысында балалардың көңілін көтеру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды. Үлкендерді мұндай сыйына балалар жағы да  мәз-мейрам болып көңілдері көтеріліп алғыстарын айтып қалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*