ОҚО-да 507 спортшы жүзумен айналысады

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердашов шомылу маусымы қарсаңында «Қажымұқан» стадионындағы жабық «Су комплексінде»  суда жүзу бойынша тренерлермен  және құтқарушылармен 100-ден аса жасөспірімдерге жаттықтыратын сабақтар өткізілгенін айтты.Сонымен қатар, осы мәселеге орай ол облыстағы аудандар мен қалаларда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылғанын жеткізді. Мәселен,  Созақ ауданындағы «Шұғыла» бассейнінде 7 топтан тұратын 84 балаға үйірме жұмыс жасайды екен.  Ал, Кентау қаласындағы Мәдениет сарайында  1000 студенттер мен оқушыларға арнайы тренерлердің қатысуымен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, өңіріміздегі бассейіндерде 500-ден астам спортшылардың жүзумен айналысып жүргенін тілге тиек етті.

«Жалпы облыс бойынша бассейнде шұғылданатын спортшыларының саны 507 адамды құрайды. Ал денсаулығын сауықтыру және жүзуді үйрену мақсатында 18 жастан 70 жасқа дейінгі 500-ге   жуық азамат күніне негізгі сабақтардан тыс уақытта шұғылданады», -деді А.Бердашов

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*