«Жігіттер» квартеті қазақ тілін бүлдіріп жүр ме? (видео)

Жетісудың тумасы, кезінде Ұлттық арнадағы «Apta.kz» бағдарламасының тізгіншісі болған Есболат Айдабосын, өзінің «инстаграмдағы» парақшасында «Жігіттер» квартетінің «Асыл анам» деп аталатын әніне шүйлікті. Нақтырақ айтқанда, әннің сөзінде «анатайым» деген сөз бар. Ал, журналист, «қазақта анатайым деген сөз жоқ» дейді.

«Анатай ма анашым ба?! «Жігіттер» ұйқасқа бола сөз будандастырып жаңа сөз жасап шығыпты. Анатайым деп ұрып жатыр. Апатай дегенге үйренген құлақ аналардың «анатайын» қабылдай алмай тұр. Анашым деуші едік. Әннің сөзін жазған  ақын, эфирге жіберген редактор кім болды екен? Ана туралы ән айтамыз деп ана тілді бүлдіруге болмас «Жігіттер» дейді журналист.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*