Шардарада медицина қызметкерлері марапатталды

Шардара аудандық емхананың кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау қызметкерлерінің төл мерекесі тойланды. Қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға қала мен ауылдардағы барлық емхана қызметкерлері қатысып, ақ халаттылардың кәсіби мерекесін көтеріңкі күйде атап өтті.Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Рахымжан Бекмұратов құттықтау сөз сөйлеп, жемісті еңбек етіп жүрген бір топ ақ халатты абзал жандарға аудан әкімі Б.Қыстауов пен аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиевтің «Алғыс хаттарын», «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының Грамотасы мен басқа да марапаттауларды табыс етті. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанар Оспанова да әріптестерін құттықтап, сый-сияпаттар тапсырды.Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалынуда. Бұл ретте біздің шардаралық дәрігерлер қауымы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, Гиппократ антына адалдық танытып келеді. Ақ халаттылардың жанкешті еңбектерінің нәтижесінде өткен жылы біраз аурулардың ауданда кемігенін айтып өткен жөн. 2016 жылы вирусты гепатит 1 адамға, туберкулез ауруы 4 адамға, өткір ішек ауруы 27 адамға, сарып ауруы 2 фактіге кеміген. Сәбилердің шетінеуі де 2015 жылмен салыстырғанда 8 фактіге азайып отыр. Бұл Шардара ауданы үшін ауыз толтырып айтатын көрсеткіш.
«Абай» Мәдениет сарайында өткен мерекеде аудан өнерпаздарымен қатар медицина қызметкерлері әсем әннен шашу шашып, би биледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*