Шардаралық білекті жігіттер Хорватияға аттанбақ

2017 жылдың 30 маусым мен 2 шілде күндері аралығында Хорватияның астанасы Загреб қаласында армрестлингтен кәсіпқойлар арасында әлем кубогы өтеді.
Осынау әлем кубогына Қазақстан құрамасынан да рейтингі жоғары спортшылар шақырту алды.Сол шақырту алған спортшылардың ішінде шардаралық 3 спортшы өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, 86 кг салмақ дәрежесінде биылғы жылдың Азия чемпионы болған Ғалымжан Қарсыбаев, 95 кг салмақ дәрежесінде қазіргі таңдағы әлемдегі ең күшті спортшылардың санатындағы даңқты жерлесіміз әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогы иегері Қыдырғали Оңғарбаев және 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде атақты ауыр салмақтағы спортшымыз Медет Құттымұратовтар бар.Бұл жарысқа спортшыларымыз сақадай сай дайындалды. Қомақты қаржылай сыйлығымен қоса әлем кубогының иегері атағын ұтып алу үшін жерлестеріміз бар күш-жігерлерін салары анық. Білек күштерімен Қазақстан Республикасының атын әлемге шығарып жүрген спортшыларымызға ақ жол тілей отырып жеңісті жолдарын жалғастыруына тілектес болайық, ағайын. Жерлестерімізге сәт сапар тілейміз!
«ShardaraArmsport — news».

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*