ОҚО-да биыл 11 мыңнан астам түлек диплом алды

Шымкен қаласындағы Әл-Фараби алаңында Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ҮЗДІК ТҮЛЕК-2017» салтанатты диплом тапсыру кеші өтті.Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы мкеліп қатысқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, өңір басшысы жоғарғы оқу орнын сәтті бітірген түлектерді құттықтап, жас маман иелеріне алдағы қадамдарына табыс тіледі.«Бүгін Сіздер үшін ерекше күн. Себебі белгілі бір маман иесі атанып, үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі ұлттық тарихымыз бен жаһанданудың, ізденіс пен күрестің кеңістігі болып тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы — білім» екенін айрықша атап өтті. Оңтүстік білім, ғылым, инновациялық дамуларда көш бастап келе жатқан өңір. Сондықтан бітіруші түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз етуде облысқа инвестициялар тартуды басты міндет етіп қойдым»,-деді әкім.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*