Ж. Түймебаев «Қылмысты азайтудың ұтымды жолы — жұмыссыздықты жою»

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев осы жылдың 5 айында атқарған жұмысын қорытындылады.

Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігін яғни ал 64,6 пайызын ұрлық қылмыстары  құрап отыр.  Жүргізілген сараптама негізінде, қоғамдық  орында жасалған қылмыстардың 0,3  пайызы адам өлтіру, 0,2 пайызы денсаулыққа ауыр дене жарақатын салу, 7 пайызы тонау, 0,1 пайызы  қарақшылық, 11,9 пайызы бұзақылық, 15,6 пайызын басқа да қылмыстар құраған. Саннан сапаға көшуді ескерткен облыс әкімі сала басшыларына  қылмыспен күресуде шетелдік озық үлгілерді енгізіп, ұтымды тәжірибелерді пайдалануға кеңес берді.«Қылмысты азайтудың ұтымды жолы — жұмыссыздықты жою. Жасыратыны жоқ, құқық қорғау орындары негізінен пайыздық көрсеткіштерді төмендетуге күш салады. Алайда бұл әрекет  мәселені шешпейді. Пайыздық көрсеткіштер төмендегенімен қылмыс азайып отырған жоқ. Сондықтан жергілікті полиция жұмысты жүйелі әрі тиянақты атқаруы тиіс. Қылмыспен күрес жұмыстарына қоғамдық белсенді топтар мен жастар ұйымдарын тарту қажет», — деді Жансейіт Түймебаев.

Комиссия отырысында қылмыспен күрестi күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шаралар барысы талқыланды. Нәтижесінде сала басшыларына  облыс басшысы тарапынан тиісті нұсқау, тапсырмалар берілді.

Жиында сондай-ақ облыстағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жағдайы, жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылықты азайту мәселелері талқыланып, нақты шаралар қабылдау жүктелді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*