ОҚМУ-дың 600 жуық студенті қызыл дипломға қол жеткізді

Шымкен қаласындағы Әл-Фараби алаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ҮЗДІК ТҮЛЕК-2017» салтанатты диплом тапсыру кеші өтті.Мерекелік шарада университеттің 4 мыңға жуық студенті 86 мамандық бойынша  оқуды аяқтап диплом алса, оның 580 түлегі қызыл диплом иеленді.

75 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет биыл толағай табыстарға қол жеткізді.Атап айтар болсақ, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингісінде ІІІ-орынды иеленсе, QS (кьюэс) рейтингісі бойынша әлемдегі 4,5 мың жоғары оқу орындарының ішінде 609-дан 501-ші орынға көтерілді.Оқу орнындағы 16 мыңнан астам студентке 1500-ден астам профессор-оқытушы, оның ішінде 23-і академик, 650-ден астамы ғылым кандидаттары, 170-ке жуық ғылым докторы  сапалы білім беруде.Жыл сайын 700-ге жуық студент пен 150-ден астам оқытушы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік танымал жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірдегі 12 жоғары оқу орындарында 70 мыңға жуық жас білім алуда.  2017 жылы 11 мыңнан астам түлек оқуын бітіріп шығып, дипломдарын қолына алып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*