ОҚО-да «Жасыл ел» жазғы лагерінде 424 жас еңбек етіп жүр

Бүгінде «Жасыл ел» жазғы еңбек лагеріне қатысушы жастарға арнайы киім футболка, бейсболка, жазғы шалбар мен күртеше және аяқ киім беріледі екен. Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты басқармасының  басшысы Балмаржан Нарбекова, жазғы студенттік құрылыс отрядтары бойынша  аудан, қалаларда салынып жатқан  құрылыс нысандарында 424 жас еңбек етіп жатқанын мәлім етті.

«М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан 200-ге жуық студент Қазығұрт ауданы мен Түлкібас ауданындағы арнайы индустриялдық аймақта өндірістік практикадан өтуде. Жалпы облыстағы 12 жоғары оқу орындарының алтауында кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын1106 студент облыстағы 64 кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларда өндірістік практикадан өтуде»— деді Б.Нарбекова.

Жалпы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруда басқарма тарапынан көптеген жұмыстар ұйымдастырылуда.Солардың бірі барлық аудан, қалалардағы орталықтар жанынан құрылған «Еріктілер мектебі».Бұгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар.Олардың тікелей қатысуымен жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*