Ерлан Айтаханов егіс басында диқандармен кездесті

Отырар  ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ауыл шарушылығы күні мерекесін атап өту қарсаңында Талапты, Қоғам және Қарғалы ауыл округтеріндегі бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, дихандардың атқарып жатқан жұмыстарымен етене танысты. Жұмыс сапарын Талапты ауыл округіндегі «Үсен» шаруа қожалығынан бастаған аудан басшысы аталмыш шаруашылықтың 23 гектарға егілген бақша өнімдерін аралап, 6 гектар жерге қарқынды бау еккен «Серік» шаруа қожалықтарының төрағаларымен тілдесті.
Мұнан соң Қоғам ауылындағы «Бәкірамбек» өндірістік кооперативіне тиесілі 20 гектар жүгері алқабында және Қарғалы ауыл округіндегі 305 гектар жерге жүгері дақылын еккен «Отырар дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, шаруалармен ой бөлісіп, жан-жақты пікір алмасты.
Өз кезегінде шаруалар өңіріміздегі каналдардың дер кезінде ағымдағы және күрделі жөндеулерден өтуінің нәтижесінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілген тыңайтқыш, жанармай секілді қолдаулардың арқасында биылғы науқанда мол өнім аламыз деп жоспарлап отырғанын және шаруларға осындай қолайлы жағдайлар жасағаны үшін Елбасымыз бен Үкіметімізге шынайы ризашылықтарын білдірді.
Шаруалар үшін мұндай қолдаулардың мемлекет тарапынан алдағы уақытта да бола беретіндігін жеткізген аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы ұсақ шаруалардың кооперативтерге бірігу арқылы қаржы ұйымдарынан қомақты несиелер және техникалар алуға болатындығын, тек егін егумен шектелмей қосымша мал басын көбейту, алынған өнімдерді терең өңдейтін кәсіпорындар ашудың маңыздылығына тоқталды. «Еңбек түбі береке» деген осы шығар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*