Шымкенттегі шыны ыдыстарын өндіретін зауыт замануи құрылғылармен жабдықталған

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы шыны ыдыстар өндіретін зауытта әлемнің жетекші өндірушілерінің (Хайе, Германия; Санжин-Эмхарт, Китай-Швейцария) заманауи құрылғылары орнатылған. Олардың ерекшелігі сол, бақылаушы мәшинелер өндірілген өнімдерді мұқият тексеріп, қираған әйнектер мен ақауы бар ыдыстарды анықтап, өндіріске кері қайтарады екен. Сонымен бірге, онда шыны өнімдерді қабылдау мен жою процестері автоматтандырылғанын да айта кеткен жөн. Әйнектерді өндіру жұмысында еліміздің жер қойнауынан алынатын кварц құмдары мен дала шпаты, доломит, әктас, бор, микрокальцит сынды шикізаттар қолданылады. Қалған шикізаттарды зауыт басшылы шетелден алдырады. 

Еске сала кетсек, «Оңтүстік» индустриалды аймағынан ашылған шыны ыдыстар шығарушы зауыт тарихы 2014 жылдан бастау алады. Сол кезде жылына 70 млн. бөтелке шыны ыдыстарын өндіруге қауқарлы зауыттың І кезеңі жұмысын бастаған болатын. Мұнан кейін, яғни 2016 жылы өндірістің ІІ кезеңі іске қосылып, бір жылдағы жалпы қуаттылық 200 млн. бөтелкеге шығара бастады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*