Шетелдік инвесторлар ОҚО-да күн электр станциясын салып, электропанельдер шығаруды қолға алмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында қытайлық кәсіпкерлер қуаттылығы 100 мвт болатын күн электр стансасын салмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде «Джан Су Нью Энерджи Технолоджи» компаниясының өкілі Ге Дженсон мәлім етті.Басқосуда тараптар облыстағы қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр стансасын салу мәселесін талқылады. Жоспарға сәйкес, күн электр стансасы Отырар ауданының аумағында салынбақ. Бір жылдың 300 күні сәулелі болатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи климаттық жағдайды ескеріп отырған кәсіпкерлер аталған жобаға 200 млн АҚШ долларын жұмсауға ниетті.

«Біз алдағы қазан айында құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Станцияны іске қосып болғаннан соң, электромобильдерді құрастыру жұмыстарын бастайтын боламыз.  Тоқпен жүретін мотоциклдердің құрал-жабдықтарын әзірге Қытайдан тасымалдап, осында құрастыру жоспарда бар. Егер жоспарымыз сәтті іске асып жатса, жеңіл көлік пен қоғамдық көліктерді де осында құрастыру ойымызда бар», — деді  Ге Дженсон мырза.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*