Арыста «Сен қоғамға керексің» атты жиын болып өтті

Арыс қаласындағы №17 колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының 33-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында және «Сен қоғамға керексің» жобасы аясында Арыс аудандық прокуратурасымен Арыс ауданы бойынша Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтармен қылмыстылықтың алдын-алу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жиын өтті.Жиынға Арыс ауданының прокуроры Н.Қосбаев, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, құзырлы орган қызметкерлері мен дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды Арыс ауданының прокуроры Н.Қосбаев ашып, жүргізіп отырды.
Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтармен қылмыстылықтың алдын алу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жиналған отырысында Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Н.Бәйтік пробация қызметі туралы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнаховтың кәсіпкерлікке тартылуы және шағын несие алуы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ағыбаевтың пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтардың жұмысқа тұруы үшін барлық жағдайлардың жасалуы, «Өрлеу» бағдарламасы туралы және Арыс аудандық емханасының бас дәрігері Е.Батырбековтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*