Отырарлықтар өткен жылы жүгерінің әр гектарынан 130-140 центнерден өнім алған

Сайын даласында ұшқан құс пен жүгірген аңның тұяғы талатын Отырар топырағы қашанда дихан қауымы үшін де берекелі тірліктің ордасы саналады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ауданымызда жүгері өнімдерін өсіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауданымыздағы 20 мың гектар алқапқа түрен салынған болатын. Сол кезеңде жүгерінің «Дала аруы» сорты өсіріліп, аталған сорт Одақ көлеміндегі ауданымыздың брендіне айналғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, тоқыраулы тоқсаныншы жылдары жүгері алқабының көлемі азайып, өнімділігі күрт кеміді баршаңызға аян. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында Отырар ауданыны әкімдігі арнайы жоспар дайындап, түйткілді мәселені түбегейлі шешу қамына кіріскен болатын. Алғашқы жұмыстарын Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесе отырып, топырақтың құнарлылығын зерттеген де еді. Зерттеу нәтижесінде ғалымдардың кеңесіне арқа сүйеген шаруалар тың технологиялар арқылы өткен жылы әр гектардан 130-140 центнерден өнім алды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*