Адвокаттар жайлы жаңа заң жобасында қаржылық қызметі ашық көрсетілмек

 Адвокаттар туралы жаңа заң жобасындағы тағы бір түйткілді мәселенің бірі – бұл алқалардың қаржылық қызметінің ашықтығы.  Яғни, жаңа заң жобасына адвокаттар алқаларының кірістер мен шығыстары туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау енгізілетін болады.      Сондай-ақ,  жаңа заң аясында   адвокаттардың міндетті жылдық кәсіби біліктілігін арттыру ісі де қолға алынбақ.  Бұл ретте Франция, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің тәжірибесі  қолданылатын болады.

         Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Pro bono» тәжірибесін енгізу қарастырылуда.  Ол үшін адвокаттарға жылына тегін заң көмегін беру құқығы ұсынылады.

         Сонымен қатар, жеке тәжірибешілердің құқықтық мәртебесін, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтауды заңды түрде белгілеу ісі қолға алынбақ. Яғни, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды адвокаттық палаталар түрінде құру жоспарланып отыр. Онда заңгерлік көмек көрсететін жеке тұлғалар мен заңгерлік кеңес беретін адвокаттар үшін өз еркімен заң кеңесшілерінің палатасына кіруге құқық беріледі. Жалпы алғанда, заң жобаларының тұжырымдамалары азаматтарға қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*