Шымкентте бокс мектебі ашылады

Шымкентте бокс мектебі ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына орай пайдалануға берілгелі отырған бокс мектебінің құрылысы аяқталуға таяу.

«Солтүстік» шағынауданындағы №5 спорт мектебіне қарасты жаңа ғимаратта спортшылар үшін лайықты жағдай жасалған. Мұнда  соңғы үлгідегі заманауи оқу сыныптары, жаттығу бөлмелері, медицина кабинеті, қонақүй  мен монша және арнайы кәсіпқой бокс кешені мен 220 көрерменге лайықталған арена бар.

Қазіргі уақытта бұрынғы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаңғыртылған ғимаратында бетонды еден ағаш тақтайшалармен ауыстырылып, қымтау жұмыстары жүргізілуде.

– Қала әкімдігіне қарасты бұл кешен ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай алғашқы бокс мектебі ретінде саналады, дейді 700-ге тарта тәлімгер дәріс алатын мекеме директоры Заңғар Қасқаев.

Мұнда білікті жаттықтырушылар жасөспірімдермен қатар, ересектер үшін де арнайы кесте бойынша дәріс бермек.

Cонымен қатар, бұл нысанда жас өскіндердің біліктілік қабілетін арттыру мақсатында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен ұлттық құрама мүшелерінен дәріс алуына жағдай жасалған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*