Оңтүстік спортшылары – «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы

1-16 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған республикалық «Ақ бидай» VI ауыл спорты ойындары аяқталды.Төрт жылда бір рет өтетін республикалық сайыста оңтүстікқазақстандық спортшылар командалық есепте үздік деп танылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.Бір аптаға созылған сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мыңнан астам спартшы волейбол, шағын футбол, көкпар, бәйге аударыспақ сынды спорттың 14 түрінен жарысқа түсті. Ойын нәтижелері негізінде жалпы командалық есеп  бойынша І орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, ІІ орынды Ақтөбе облысы, ІІІ орынды Қызылорда облысы спортшылары лайық деп танылды.

Шымкенттегі Ғани Ахметбаев басқаратын ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің шабандоздары өздерінің мықтылығын осы сайыста тағы бір дәлелдеді. Қарсылдас командалардың барлығын ойсырата жеңген мектеп шәкірттері ел аумағында азулы команда екенін мойындатты.

Төрт жылда бір рет өтетін республикалық ойын жеңімпаздарын Ақтөбе облысының басшылығы арнайы құттықтады. Өз кезегінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларына республикалық ойынның жеңіс Кубогі табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*