Оңтүстікте 2018 жылы 17 елдімекендегі ауыз су жүйесінің құрылысы басталады

ОҚО-да 17 елді мекеннің су жүйесіне құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды жүйелеп, бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мән беруді тапсырды.

«Біздің мақсатымыз — халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Республика бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтуда 4-ші орында тұрмыз деп тоқмейілсуге болмайды. Облыс көлемінде ауыз сумен қамтылуы жағынан ең төменгі көрсеткіш Арыс қаласы мен Сарыағаш, Шардара аудандарында орын алып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру қажет. Ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды тиісті сала басшыларына жүйелеуді тапсырамын», — деді Ж. Түймебаев.

Жиында сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы Н. Дербісовтің баяндамасы тыңдалды. Осы ретте су тасқынына қарсы қорғаныс дамбалары мен су қоймаларының құрылысына қатысты бірқатар ескерпелер берілді. Сондай-ақ облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудан ішілік маңызы бар автомобиль жолдарында 2017-2018 жылғы қыс мезгілінде көлік қатынасының үзілмеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Селекторлық отырыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мен облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ құнарлығын арттыру, ауыл шаруашылығы алқаптарының және үй іргелік жерлерінің игерілуі барысы да талқыланып, сала басшыларына тиістітапсырмалар берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*