«Кентау қаласы – әдебиет беттерінде» әдеби көрмесі болып өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Кентау қаласы – әдебиет беттерінде» әдеби көрмесіне    Кентау қаласының зиялы қауымы, студенттер мен оқырмандар қатысады. Мұнан өзге, іс-шарада «Туған жер – алтын бесігім» атты кітап көрмесі қойылып, «Кентау қаласы – әдебиет беттерінде» әдеби дефилесінде Кентау қаласы туралы жарық көрген кітаптар таныстырылып, концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Қаратау қыраны»  атты іс шара жергілікті ақын, жазушы, Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының мүшесі Рахым Балабиевке арналған «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасынан арнайы бөлме ашудан басталады. Әдеби сазды кеште Рахым Базаргелдіұлының шығармашылығы туралы айтылып, ақынның сөздеріне жазылған әндер орындалады.

Сонымен қатар, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз»  шығармасынан дайындаған спектаклінің қоюшы режиссері, мәдениет сарайының драма үйірмесінің жетекшісі – Тойчиева Айнұр, отбасылық өмірдің қиындықтары, маскүнемдік, әкенің бала алдындағы жауапсыздығы, айрылысып кетсе де, өшпеген махаббат сезімін бейнелейтін қойылымда жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*