ОҚО-да Ұлттық спорттың ләңгі тебу мен асық ату ойындарынан турнир өтті

Ұлттық спорт түрлері асық ату мен ләңгі тебуден Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілігі басталды. Асық ойнамаған бала жоқ шығар. Ләңгі теппегенде кемде-кем. Сондықтанда ойын аса тартысты өтуде. Ләңгі тебуде ең мықты қатысушы 42-ұпай алса,жарыстан тыс қатысқан бамқарма басшысы 45-Ұпай алды. Жалпы командалық есеп бойынша:Ләңгі тебу:
1-орын Бәйдібек ауданы
2-орын Созақ ауданы
3-орын Қазығұрт ауданыАсық атуда Бәйдібектен келген Мұса Биболсын қарсылас шақ келтірер емес. Оларға Түлкібас ауданы қарсылас болуы мүмкін. Солай болды да:
Асық ату:
1-орын Бәйдібек ауданы
2-орын Түлкібас ауданы
3-орын Төлеби ауданы
Қыздар арасында өтіп жатқан бес асық сайысында Қазығұрт ауданынан келген Халипа Әпешова бірінші келеді. Дегенмен командалық есепте
Бес асық:
1-орын Бәйдібек ауданы
2-орын Отырар ауданы
3-орын Шардара ауданы

Жеңімпаздарды «Казспорт» арнасының комментаторы Ермек Төрениязов арнайы құттықтады. Мұндай бастамаға ұдайы қолдау көрсететінін жеткізді. Енді олар республикалық жарысқа қатысады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*