Төтенше жағдай қызметіндегілер төл мерекеде төс белгі тағынды

19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні қарсаңында мерекелік шарада өз қызметтік міндеттерін сапалы, тиімді, мінсіз атқарып, қызметін адал орындаған 25 қызметкер азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан үлестері үшін «Еңбек ардагері» медалімен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне басшылық еткен құрметті ардагер отставкадағы полковник Уалихан Ережепов «Еңбек ардагері», Мұхтарбек Бексеитов «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен  марапатталды.Айта кетейік, өрт сөндіру қызметінде қазіргі таңда 100-ден астам өрт сөндіру техникасы бар. Бұл техниканың басым көпшілігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Қазіргі таңда облысымыздың халқы мен әл-ауқаты өсуіне байланысты көптеген жоғары қабатты тұрғын үйлер салынуда. Мұндай көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда  жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру техникаларының өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*