ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Исалар бар. Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерейтой иесін құттықтап, «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кештің сәтті өтуіне тілегін білдірді.

«Біз Сізді жазушы, драматург, ұлтымыздың болмыс-бітімін сол күйі келешекке жеткізуші ретінде, ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейде таныла түсуіне ерекше үлес қосып келе жатқан, өзінің дара жолы бар ел азаматы ретінде мақтан тұтамыз. Биылғы жылдың қазан айында Ұлыбритания астанасы Лондон төрінде лордтар палатасында арнайы қабылдау өтіп, «Пьесалар жинағы» кітабыңыздың тұсауы кесіліп, «Аққу жібек» атты пьесаңыздың қойылымының өтуімен Сізді шын жүректен құттықтаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*