ОҚО-да «100 нақты қадам» ұлт жоспарының жүзеге асырылуы барысы бойынша брифинг өтті

2017 жылдың 17 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Шілманов Айбек Ақбергенұлы «Оңтүстік» ақпарат орталығында брифинг өткізді.Брифингте мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы қаралды.

Брифинг барысында Айбек Ақбергенұлы аттестаттаудан облыс бойынша 6544 мемлекеттік қызметші өткізілгендігін хабарлады.

Кешенді аттестаттау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құзіреттілік деңгейі анықталған.

Қолданыстағы Заңның басты ұстанымы — мемлекеттік қызметшіні мансаптық модель бойынша сатылай өсіру.

Бұл тұрғыда, облыста ішкі конкурстар нәтижесінде конкурстарға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің 65%-ға жуығы мансабында жоғарылатылған.

А.Шілманов облыстағы мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы 2015 жылы 10,2 % құраса, бүгінгі күнге 4%-ға дейін төмендегенін мәлімдеді. Яғни, мемлекеттік қызметтегі кадр тұрақтылығы 2,5 есеге артып отыр.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен де таныстырылды.

Айбек Ақбергенұлы Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыру, адамның өзі баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіру тапсырылғанына тоқталды.

Жалпы 2017 жылдың 10-айында жергілікті атқарушы органдармен 16 381 610 қызмет көрсетіліп, оның ішінде электронды түрде 2017 жылы көрсетілген қызмет үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 62% артқан.

Брифинг барысында ауыл тұрғындарының «egov.kz» электронды порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ауылдық округ әкімдері аппараттарында алуына мүмкіндік жасау үшін 181 ауыл округтерінің 124-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылғандығы айтылды.

Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚКО жұмысын оңтайландыру нәтижесі мен «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жобасының нәтижелері де назардан тыс қалмады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*