Қаламыздағы А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі Абай танушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері ОҚО-ның құрметті азаматы, М. Әуезов атындағы Гуманитарлық ғылыми ғылыми зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбат кеші өтті. Кездесу барысында белгілі ғалым Абай мұрасын қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы ретінде негізге ала отырып сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес екендігін етене жеткізді. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына кеңінен тоқталып, жаһандану жағдайында ұлттық жэңғыру үдерісін тарихи-мәдени, ғылыми, танымдық, тәрбиелік тұрғыда жүзеге асыру керектігіне кеңінен тоқталды. Өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысқан жиында Абай атамыздың өлеңдері оқылып, қара сөздері айтылды. Сондай-ақ жастар Мекемтас Мырзахметұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша мәнді де мағналы кеш өз деңгейінде өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаты Н.Бұхарбай көп балалы аналармен кездесті
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбай №29 мектепте көпбалалы аналармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Халық қалаулысы сайлаушыларға 2019 жылы атқарған жұмыстар бойынша өткен есептік кездесуге 90-ға жуық ана келді. Кездесу барысында Елбасының […]
Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады
Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады. Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымызды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас […]
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу қажеттігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін нақтылап […]
Пікір қалдыру