«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен төлебиліктер күзгі көшеттерін екті. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген аудан тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Ауыл-аймақты көріктендендіруді жолға қойған Төлеби ауданында ауыз толтырып айтарлық істер көп-ақ. Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген ауылдық округ әкімдіктері, «Туған жер» бағдарламасы аясы шеңберінде түрлі көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, 5950 түп – өрік көшетін, 500 түп – арша және 16 мың түп – қарағаш көшеттерін әкеліп, екті. Қайырлы іске аудан тұрғындары да бір кісідей ат салысқан екен. Айта кетейік, қарағаш көшеттері ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан әкелінген. «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы. Ойлап қарасақ, білім алатын бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, тағы да басқа көптеген заттар ағаштан жасалады. Осы ағаштардан жасалған дүниені қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін әрбір ағашты солай қорғауға тиіспіз», — дейді тұрғындар.
Ұқсас жаңалықтар
Төлеби ауданының әкімі «Жас туристер станциясы» КММ-ның жұмысымен танысты
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапарымен Төлеби аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысып қайтты. Төлеби аудандық «Жас туристер станциясы» өз жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2013 жылғы […]
Төлеби ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өтті
Төлеби ауданындағы Орталық алаңда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ауылшаруашылығының (асыл тұқымды мал шаруашылғы, ауыл шаруашылық техникасы) көрмесі бастау алды, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік бағдарлама әр округ жеке-жеке тақырыпқа сай, үстінде округте […]
Төлеби ауданындағы өндіріс орындары 21 миллиартан астам теңгенің өнімін өндірген
Төлеби ауданындағы Кәсіпкерлер мектебі ғимаратының залында аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың 8 айдағы әлеуметтік-экономика дамуы бойынша атқарған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Брифингке аудандық және облыс БАҚ […]
Пікір қалдыру