Төлеби ауданында «Ветеринарлық – санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты дөңгелек үстел өтті

Төлеби аудандық ветеринария бөлімі «Ветеринарлық – санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты тақырыпта аудандағы тиісті сала мамандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Қ.Қожамжаровпен бекітілген 2017 жылғы арналған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді Жоспардың» 2 бөлімі 10-тармақшасын ауданда жүзеге асыру барысы бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар, ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді оңайлату, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң бұзушылықтарды болдырмау жолдары талқыланды.

ҚР АШМ ВБжҚК Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшысы С.Есенқұлов – ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бекітілген стандартпен регламентте көрсетілгендей қызметті алушы құжаттар топтамасынан бөлек қосымша құжаттар сұратуға болмайтындығын және ондай орын алған жағдайда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына қайшы әрекет екендігін баса ескертіп айтып өтті.

Ал, ветеринария бөлімінің басшысы О.Сүттібаев – ветеринария саласының имиджін көтеру үшін заң талаптарын мүлтіксіз орындап, Әдеп кодексінің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың барлық амалдарын қолданып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуды қатаң тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*