«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен төлебиліктер күзгі көшеттерін екті. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген аудан тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Ауыл-аймақты көріктендендіруді жолға қойған Төлеби ауданында ауыз толтырып айтарлық істер көп-ақ. Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген ауылдық округ әкімдіктері, «Туған жер» бағдарламасы аясы шеңберінде түрлі көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, 5950 түп – өрік көшетін, 500 түп – арша және 16 мың түп – қарағаш көшеттерін әкеліп, екті. Қайырлы іске аудан тұрғындары да бір кісідей ат салысқан екен. Айта кетейік, қарағаш көшеттері ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан әкелінген. «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы. Ойлап қарасақ, білім алатын бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, тағы да басқа көптеген заттар ағаштан жасалады. Осы ағаштардан жасалған дүниені қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін әрбір ағашты солай қорғауға тиіспіз», — дейді тұрғындар.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебиде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті
Төлеби ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті. Комиссияда Төлеби ауданы әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы төрағалық етті. Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі […]
Төлебиде көпқабатты тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен 200 миллионнан астам қаржы қаралған
Төлеби ауданында спорт саласы бойынша Ленгер қаласындағы орталық «Жастық» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттамаларын дайындауға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар, Жоғарғы Ақсу ауыл округіне қарасты Мәдени ауылынан талапқа […]
Төлебиде ашық әкімдік жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті
«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов Көксәйек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Айта кетейік, бұл отырыста не мәселе талқыланғаны жөніндегі ақпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық […]
Пікір қалдыру