Облыс әкімі Ж.Түймебаев, Сайрам ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Улугбек Ирсалиевтің шаруашылығына атбасын бұрды. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер таяуда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 млн теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылапты. Бүгінде оның қорасында 20 бас ірі қара мал бар. Небәрі 14 соттық үй іргелік жер телімін тиімді пайдаланып отырған кәсіпкерді жұмысына разы болған әкім облыстың өзге тұрғындарына үй іргелік кәсіптің тиімділігін үйренуге шақырды.«Қандай керемет. Үйіңіздің ауласы тар боласа да, тап-тұйнақтай. Кішкентай ғана аулада бау өсіріп, мал бордақылап табыс тауып отырсыздар. Сондықтан облыстың өзге тұрғындарын осындай ұсақ шаруашылықтарды ертерек меңгеруге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Өңір басшысының назарынан «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге көлемінде демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехы да тыс қалған жоқ. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына аса қажетті оюлы көрпе-төсек жабдықтары әзірленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық шаруалар, Сайрамдағы «Шош» шаруақожалығының жұмысымен танысты
Мақтааралдық шаруалар жеке кәсіпкерлер Алимжан мен Бахтияр Шадықұловтарға тиесілі «Шош» шаруақожалығындағы ірі қараны бордақылау кешенінде болды. Аумағы 70 соттық жерді құрайтын бұл кешенде ірі қараны бордақылауға қажетті барлық жағдайлар жасалыныпты. Мұнда бүгінде 200-ден астам өгіз […]
Сайрам ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылған 250 түлекке куәлік табыс етілді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 11920 адамның 3991 оқуды аяқтап, 1000 маман жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде әр бір ауыл округіне қажетті 30 […]
Сарыағаш ауданында шағын несие алып, өз кәсібін бастағандардың саны артқан
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында кәсіпкерлер шаруаларын дамытуда мемлекет тарапынан зор қолдау алуда, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» […]
Пікір қалдыру