Облыс әкімі Ж.Түймебаев, Сайрам ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Улугбек Ирсалиевтің шаруашылығына атбасын бұрды. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер таяуда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 млн теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылапты. Бүгінде оның қорасында 20 бас ірі қара мал бар. Небәрі 14 соттық үй іргелік жер телімін тиімді пайдаланып отырған кәсіпкерді жұмысына разы болған әкім облыстың өзге тұрғындарына үй іргелік кәсіптің тиімділігін үйренуге шақырды.«Қандай керемет. Үйіңіздің ауласы тар боласа да, тап-тұйнақтай. Кішкентай ғана аулада бау өсіріп, мал бордақылап табыс тауып отырсыздар. Сондықтан облыстың өзге тұрғындарын осындай ұсақ шаруашылықтарды ертерек меңгеруге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Өңір басшысының назарынан «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге көлемінде демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехы да тыс қалған жоқ. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына аса қажетті оюлы көрпе-төсек жабдықтары әзірленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түлкібастықтар «Өрлеу» бағдарламасына бөлінген қаржыны 100 пайыз игерген
Жыл қорытындысына сай, Түлкібас ауданы «Өрлеу» бағдарламасына бөлінген қаржыны толық игерді. Дей тұра, «Өрлеу» арқылы өз ісін бастауға ниеттілер әлі де бар. Сұранысқа ие мамандыққа машықтанып, кәсібіңізді дөңгелетуге болады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті […]
Созақта қымыз сатып кәсіп еткендер көп
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында орта және шағын кәсіпкерлікке кеңінен тоқталып, әсіресе аграрлық өнеркәсіпті дамытуға мейілінше баса назар аудару керектігін айтып келеді. Сондай-ақ осы бағытта кәсіп ашып, жұмыс істеймін деген азаматтарға барынша мол мүмкіндік беруді […]
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЦЕХ АШТЫ
Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Ергеш Бексұлтан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жоспарын жүзеге асырды. Бұған дейін тұрақты жұмыс таппай қиналған ол, […]
Пікір қалдыру