Сайрам ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылған 250 түлекке куәлік табыс етілді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 11920 адамның 3991 оқуды аяқтап, 1000 маман жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде әр бір ауыл округіне қажетті 30 түрлі мамандық бойынша 8676 азамат оқуға жолданған болатын. Бүгінде жолданған 8676 адамның 723-і тұрақты жұмысқа орналасып отыр.  Қазірде Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы бағдарлама аясында білім алған 20 маманға салтанатты түрде куәлік табыс еткенін айта кету керек.

Сонымен қатар, ңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, алдымен Сайрам ауданындағы кәсіптік-техникалық колледж түлектері дайындаған арнайы көрмені аралап шықты.  «Алтын күз» мерекесінде жұрт назарын өзіне аударған жобалардың бірі – кірпіш құятын құрылғы болды. Кәдімгі темірмен жасалған қондырғыны колледж түлектері өздері ойлап тапқан екен. Жуырда ізденуші жастар өздерінің осы жобасымен облыстық байқауға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*