Шымкент зообағын үлкен өзгерістер күтіп тұр

  Зообаққа тоғыз табиғи аймақ құрылысын салуға бюджеттен 680 миллион теңге қарастырылған. Осы жылы бұл қаражаттың 300 млн теңгесі бөлінген.

Қазіргі таңда, гиббон аралының жобасы жасалуда. Оның айналасында құстар мекендейтін тоған болмақ. Паркте сонымен қатар ашық аспан астында 7 гектарға созылған «Азия аумағында» жыртқыш жануарларға орын бөлінеді.

Бүгінгі таңда зообақта 241 түрлі 2565 бас жануар бар. Енді төрт жылдан кейін бұл көрсеткіш еселенеді деген жоспар түзілген. Сондай-ақ, жаңа павилионның саны 55 ке жетпек. Соңғы жылдары жануарларға жасалған жағдайларға байланысты олардың өлімі де кеміген, салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2014 жылы 68 бас жануар мерт болған. Ал биылғы жылдың он айында жануарлардың саны 25-ке кеміген.

Сонымен бірге, келушілердің саны да артқан. Айта кетейік, жыл басынан бері зообақты 420 мың адам тамашалаған. Бұл мекеменің тарихында орын алған алғашқы жағдай. Зоббақтағы жаңа жобалар аяқталысымен келушілер саны миллионға жетеді деген жоспар бар. Қазір мекемеге кіру бағасы – 22 теңге 69 тиын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*