Оңтүстік Қазақастан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорын 2018 жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталу сатысында. Барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Жұмыстың барысымен қаныққан облыс әкімі аграрлы аймақ үшін мұндай қоймалардың аса қажет екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі 2016 жылдың үздік дипломат-елшісі атағымен марапатталды
Бүгінгі Түркістан қаласындағы өтіп жатқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды. Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының […]
ОҚО ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА 4 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ
Шымкент қаласында өткен «Денсаулық-2017» фестивальі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Қайрат Ералиев пен қола медаль иегері Жомарт Ержанды жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.Неміс жерінде өткен дүбірлі додада еліміздің […]
ОҚО әкімі түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағы мүшелерін қабылдады. Кездесуде тараптар сәулетшілік және қала құрылысы жобаларын әңгімелеп, түркі әлемінің ежелгі сәулет өнері ескерткіштерін сақтауға және оның бүлінуін болдырмау, құрылысты салу барысында […]
Пікір қалдыру