Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, кездесу барысында аудан басшысы өзінің жастық шағынан естеліктер айтып, тəуелсіз мемлекетіміздің даму тарихынан сыр шертіп өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.Қазақ күресінен əлем чемпионы Əділжан Ыстыбаев, Төрткүл ауылынан жас кəсіпкер Арыстан Омар, мәдениет саласының жас қызметкері Берік Бейсенбай спорт пен мəдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгідей жылы жүздесу жалғасын тапса деген тілектерін айтып өтті. Өз кезегінде Рашид Үсіпханұлы ауданның дамуында əр жастың қосар үлесі маңызды екеніне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: «МАЛ МЕН ЕГІН – КӨЛ-КӨСІР ӨНІМ» САЙЫСЫ ӨТТІ
Түркістандық жастар мақта теріп, қой қырқып, алма теріп, картоп жинап жарысты. Жастар екі күнін ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға арнады. «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясындағы «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында облыстағы белсенді де, […]
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨМЕГІ КӨП
Өркениетті елдерде «Маған Отаным не берді деп емес, мен Отаныма не бердім деп ойла» деген тәмсіл іспеттес сөз бар. Әрине, жетістікке тез жету үшін мемлекеттік қамқорлық керек-ақ. Ал, оның қайтарымы өзіңнің еселі еңбегің болмақ. Еліміз […]
ОҚО-да Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» […]
Пікір қалдыру