Бүгін Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.Демалыс орнының ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, қайта жаңғыртылған саябақтың 60 жылдық тарихы бар екенін атап өтті.«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баршамызды жаңғыруға, жаңаруға шақырады. Рухани жаңғыру өзімізді құрметтеуден басталады. Қаламызды таза ұстасақ, мәдениеті жоғары болса, тұрмысымыз жетіліп отырса, осындай саябақтарда аналарымыз, апаларымыз, балаларымыз қыдырып, демалып жүрсе, осыдан асқан бақыт жоқ шығар. Рухани жаңғырудың бір белгісі осы болса керек. Дәл осындай саябақтардың қатары жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда бұрынғы қорғасын зауытында 40 гектар аумақта жаңа демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Қоғамдық көліктер 12-мамырдан бастап жүреді
Шымкент қаласында қоғамдық көлік 12-мамырдан бастап жүре бастайды. Алайда еліміздің үшінші мегаполисінде карантин талаптарын сақтау жалғасады. Шымкент қаласына кірер тұстарда 18 блок-бекет жұмыс істей береді. Ондағы бақылау бәсеңдемейді. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент […]
Шымкенттің оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылы жаңартылуда
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. […]
ОҚО-да Орта Азиядағы алғашқы «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды
Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев […]
Пікір қалдыру