Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Мақтаарал ауданында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралады. Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Алмасбек Мамытбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Зәуре Маханова, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаев қатысқанын айта кету керек.Сонымен қатар, жиында Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дурменов ауданымыздағы Еңбек заңнамасының сақталуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Мақтаарал ауданынан барлығы 105 өтініш тіркелген екен. Оның ішінде 100-і жеке тұлғалардан түскен болса, 5-еуі заңды тұлғалардан келген көрінеді. Мұнан бөлек, жеке тұлғалардың өтініштерінің ішінде 67 өтініш білім саласынан, 12 өтініш денсаулық сақтау саласынан, 21 өтініш жеке балабақшаларға қатысты екені анықталып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда мал бордақылау ісі жолға қойылған
Түркістан облысындағы «Темірболат» шаруа қожалығы 50 бас бұқаны бордақылауда. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстемнің айтуынша, өндірілген етті негізінен ішкі нарыққа сатады. Бүгінде мұндағы шаруалар ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа […]
Мақтааралда ауыл әкімі Қазақстан азаматтығы жоқ адамға жер берген
Өткен жұмада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында ауданының ветеринария бөлімінің басшысы (бұрынғы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі) А.Абдиев Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ […]
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА СЕНАТОР ӘЛІМЖАН ҚҰРТАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Мақтаарал ауданына Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев арнайы келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Жиынға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы […]
Пікір қалдыру