Оңтүстік Қазақстан облысында «RIC ON EXPORT» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel»халықаралық онлайн—сауда алаңы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кету керек, ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту болып табылады.
Бүгінде бұл платформа үздік халықаралық онлайн-сайттарда 300 миллионға жуық әлеуетті сатып алушылармен бөлшек сатуды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық орнату әлемнің және Қазақстанның кез-келген өңіріне өнімдерді жеткізу мүмкіндігін береді.
Меморандумның шарттарын іске асыру үшін «Zoodel» B2B сайтында алғашқы 50 кәсіпкерлердің өнімдерін орналастыру, кәсіпорындардың 5 тілдегі мамандандырылған парақшаларын жасау, шет елдердің тендерлік ақпараттарына қолжетімділікті ұйымдастыру, өнімдерді тексеру және сатып алушылардың сәйкестігін растау бойынша қызметтер, қауіпсіз төлемдер, жеткізу қызметтері және т.б. жоспарлануда.
Пікір қалдыру