Оңтүстік Қазақстан облысының мəдениет саласында тағы да ақжолтай жаңалық орын алып жатыр деуге болады. Оған себеп, күнгей өлкенің өнер майталмандарының бір тобы Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы шейx Заид атындағы Халықаралық мәдениет фестиваліне аттанған болатын. Айта кету керек аталмыш халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасының атынан «Түркістан сарайы» концерттік ұйымының «FARAB» би театры өз өнерін күллі әлемге паш етіп жатыр.Сонымен қатар, Шейx Мансур бен Зайд Аль Наxаяның өтінішімен арнайы шақырту алған би тобы қазақтың ұлттық дəстүрлерін кеңінен насихаттап жүр. Қазіргі таңда, «Түркістан» сарайы «FARAB» би театрының құрылғанына төрт ай уақыт өтсе де, осы аралықта бірнеше халықаралық, республикалық сахналарда өнер көрсетіп, өз ерекшеліктерін танытып үлгерді. Бүгінде би ұжымының көркемдік жетекшісі, бірнеше халықаралық байқаулардың дауреаты -Роман Ли. Топтың жалпы жетекшісі, мекеме директоры-Шалхарова Əлия Богданқызы екенін де атй кету қажет..
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктің мақта талшықтары шетелдерге экпортталуда
Мақтаарал ауданына жасаған бір сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол, елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн жүз жылдық тарихы бар мақта дақылының сапалы сорттарын […]
Оңтүстіктегі «Химфарм» зауытында жылына 200 млн. таблетка шығаратын жаңа цех іске қосылды
«Химфарм» АҚ-да қатты пероральды дәрі шығаратын жаңа цех іске қосылды. Жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы жаңа цехтың жобасы Polpharma (польфарма) тобы мамандарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.SANTO зауытының 135 жылдығы аясында іске қосылған цехтың ашылу […]
Оңтүстік қариялары «Еврокристал» зауытында болды
Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан — «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық азамат жұмыс істейді. Мұнан соң […]
Пікір қалдыру